ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте «Жергілікті полиция қызметі туралы» мәселелер бойынша Үкіметтің отырысы өтті. Онда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады.

Ішкі істер министрі өз баяндамасында жергілікті полиция қызметінің үш жыл көлемінде атқарған жұмысы туралы, еліміздің қазіргі криминогендік жағдайы, сондай-ақ ішкі істер органдарын одан әрі дамытудың болашағы туралы жан-жақты әңгімеледі.

Ұлт жоспарының 30-шы қадамын іске асыруға орай құрылған Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастады.

Жаңа қызметті құрудағы басты мақсаттардың бірі – оның жергілікті қауымдастық алдында есептілігін қамтамасыз ету, тұрғындардың полиция қызметіне деген сенімділігін арттыру болатын.

Сондықтан оның қызметін ұйымдастыру жолдары түбірімен өзгерді.

Жергілікті полиция қызметінің жұмысы жаңа нұсқада өңірдің ерекшелігін және жергілікті маңызы бар мәселелерді есепке ала отырып, жергілікті жерде әкімдермен ұйымдастырылды.

Сол үшін әкімдерге жергілікті полиция басшысы лауазымына тағайындау және босату, олардың алдына құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қою, тапсырмалардың орындалуын қадағалау және есептерін тыңдау құзыреті берілді.

Жергілікті полиция жұмысының ашықтығын және оның тұрғындар алдында есептілігін жоғарылату мақсатында ЖПҚ басшылары әкімдер, мәслихат депутаттары, және тұрғындар алдында жиі есеп беруі міндеттелді.

Жалпы, жоғарыда аталған есептерге жүргізілген сараптамалар жергілікті қауымдастық ЖПҚ жұмысына үнемі жақсы баға бергенін көрсетеді.

Ағымдағы жылы ЖПҚ барлық басшылары облыстық (16) және аудандық (208) деңгейдегі жергілікті атқарушы және өкілетті органдар алдында есеп берді, есептердің қорытындысы бойынша олардың жұмысына қанағаттанарлық деген баға берілді.

Сондай-ақ, заңнамаларға сәйкес, әкімшілік аумақтағы тұрғындар алдында учаскелік инспекторлардың тоқсан сайынғы есеп беру кездесулері өткізіледі.

Тек ағымдағы жылдың өзінде учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар алдында (7,9 мың қалалық, 8,4 мың ауылдық.) 16,3 мыңнан астам есеп беру кездесуін өткізді. Оған 860 мыңнан астам азамат, 9,8 мың жергілікті атқарушы орган, 3,8 ПИК өкілі қатысты.

Жаңа қызметтің жұмыс тәжірибесі оны құру туралы шешімнің дұрыс болғанын көрсетті.

Полицияның әкімдер мен жергілікті қауымдастық алдындағы есептілігі жергілікті жерде тұрғындардың проблемасына икемделіп, оның жұмысын ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Бұған қоса, ЖПҚ бөліністерінің материалдық-техникалық қамтылуы айтарлықтай жақсарды.

Өңірлердің әкімдігінен жергілікті полиция үшін бөлек ғимарат пен баспана бөлінді, учаскелік полиция бекеттері салынды, ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізілді, автокөліктер, бейнетіркеуіштер, байланыс құралдары, жиһаз және тағы басқалары алынды.

Жалпы, жергілікті полицияның материалдық-техникалық жабдықталуына 2016-2018 жылдары әкімдіктер 6,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді.

Ресми статистикаға сәйкес, қызметтің жұмыс істеп келе жатқан кезеңінен бері еліміздегі криминогендік жағдай айтарлықтай жақсарды, жол бойындағы апаттылықтың деңгейі төмендеді.

Осындай жақсы көрсеткіш ағымдағы жылы да байқалып отыр.
Сонымен, жалпы тіркелген қылмыстың саны 9,4% ( 215441-ден 195288-ге дейін) төмендеді, соның ішінде аса ауыр 4,9%-ға (1203-ден 1144-ке дейін), ауыр қылмыс 17,1%-ға (13969-ден 11580-ге дейін), орташа 7,6%-ға (148865-ден 137610-ге дейін) жеңіл қылмыс 10,3%-ға (27713-ден 24868-ге дейін) азайған.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтар саны да азайды:
• Қоғамдық орындардағы 8,3%-ға (72437-ден 66406-ге дейін), соның ішінде көшелерде 4,8%-ға (3855-ден 36685-ке дейін);
• жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылық 4,3%-ға (1993-тен 1907-ге дейін);
• мас күйіндегі 10,9% (12331-ден 10989-ға дейін);
• бұрын сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылық 34,8%-ға (6582-ден 4289-ге дейін) төмендеген.

Апаттылықтың деңгейі 8,7% -ға(10612-ден 9691-ге дейін) азайды.

Айтарлықтай тәжірибе жинақталғанына қарамастан ЖПҚ-ның жұмысы одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 12 шілдеде Мемлекет Басшысы қол қойған Заңның негізінде Ішкі істер департаменті Полиция департаменттері болып өзгерді.

Жергілікті полиция қызметі олардың құрамына бұрынғы міндеттері мен функцияларын сақтай отырып, құрылымдық бөлініс құқымен енгізілді.

Бұл өзгерістер дара басшылық және бағыныштылық қағидаларын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ішкі істер органдары арасындағы байланысты сақтау үшін қажет болды.

Жергілікті жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесінде жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігін күшейту мақсатында әкімдерге Полиция департаменттері басшысы лауазымына тағайындау және босату құқығы берілді.

Сонымен бірге олар полиция органдары алдына құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша міндеттер қою (полицияның жедел іздестіру және процессуалдық қызметіне қол сұқпай) құқығын иеленді.

Бұл әкімдерге бұрынғыдай ЖПҚ бастығы сияқты құрылымдық бөліністерімен емес, полиция органдарының бірінші басшыларымен тікелей іс-қимыл жасасуына мүмкіндік берді.

Полицияның жергілікті қауымдастық алдындағы есептілігін жоғарылату мақсатында Полиция департаменттері басшыларын әкімдер мен тұрғындар алдында жылына кемінде бір рет есеп беріп тұруға заң жүзінде міндеттеді.

Сондай-ақ Заң деңгейінде учаскелік инспекторлардың әкімшілік аумақтағы тұрғындар алдында тоқсан сайын есеп беріп тұруы қадағаланатын болды.

Тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерінің тиімділігін арттыру мақсатында ІІМ осындай есеп беру жиындарын ұйымдастыру және өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдардың келісіміне берілді, таяу уақытта Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.

Жалпы алғанда, жергілікті полиция жұмысы саласындағы Заңды іске асыруда 2 Президент Жарлығын, 3 Үкімет қаулысын және 7 ведомстволық бұйрық қабылдау жоспарланып отыр.

Заңға қосымша базаларды енгізгеннен кейін сәйкесінше жергілікті жерлерде полицияның аумақтық органдарын қайта тіркеу, маңдайша жазуларын, мөрлерді, бланк өнімдерін ауыстыру және басқа ұйымдастыру шаралары жүргізіледі.

ІІМ ағымдағы жылғы қазан айынан бастап өңірлердегі әкімдермен бірге жұмысты жаңаша үлгіде бастайды.

 

Ішкі істер министрлігінің Баспасөз қызметі