ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ БӨЛІНІСТЕРІ АТАУЛАРЫН АУЫСТЫРУДА

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ БӨЛІНІСТЕРІ АТАУЛАРЫН АУЫСТЫРУДА

Үкіметтің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» жөніндегі 2018 жылғы 16 қазандағы №637 қаулысына сәйкес ІІМ-нің мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдар атаулары өзгертіледі.

Ішкі істер органдарының аумақтық және желілік (көліктегі) бөліністері полиция болып аталады. Мәселен, Астана қаласының Ішкі істер департаменті Астана қаласының полиция департаменті және ішкі істер органдарының басқармалары мен бөлімдері  полиция басқармалары мен бөлімдері болып аталатын болады.

Сонымен қатар Қаулыда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ІІМ орталық аппаратының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ баланстағы арттехқару мүліктерін есепке алу, беру, пайдалану, жою, тасымалдау, сақтау жөніндегі функциясына толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібіне қызмет өткеру жылдары 20 жыл және одан да жоғары қызметтегі қызметкерлерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрып жатқан үйін ақысыз жекешелендіру құқығы бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Бұрын осындай теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда құқық қызметтен босаған қызмет өткеру жылдары 20 жыл және одан жоғары болған, асырауында мүгедек балалары бар қызметкерлерге ғана мүмкіндік берілетін. 
Сонымен қатар қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар ішкі істер органдарының зейнеткері қайтыс болған жағдайда оның құқығы отбасы мүшелеріне беріледі. Бұрын тұрғын үйді жекешелендіру құқығы тек қызмет бабында қайтыс болған қызметкердің отбасына берілетін.

Қазіргі уақытта аталған Қаулыны іске асыру үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Президент Әкімшілігімен бірге қазақстандық полицияны жаңғырту туралы Жол картасын әзірлеуде. Бұл картада ІІМ штат санын оңтайландыру, басқару буындарын қысқарту, полицияны өзіне тән емес функциялардан арылту, полицияны бағалау критерийлерін түбірімен өзгерту және оның жұмысын сервистік модельге көшіру жоспарланған.

Тұрғындармен жұмыс жасаудың қазіргі заманғы үлгісі, полицияның жаңа стандарты жасақталады, ведомстволық оқу орындары жүйесі түбірімен реформаланды және «102» қызметінің жұмысы қайтадан ұйымдастырылды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі