ІІМ-ДЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРМЕН КҮРЕСТІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ІІМ-ДЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРМЕН КҮРЕСТІ ТАЛҚЫЛАДЫ

19 қазанда Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың төрағалық етуімен Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

Іс-шараға Ведомствоаралық штабтың мүшелері: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қорғаныс, ақпарат және коммуникация, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер министрліктерінің, Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер және қаржы мониторингі комитеттерінің басшылары, сондай-ақ Ұлттық банк, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының және  «QIWI Kazakhstan» ЖШС өкілдері қатысты. 

Штабтың отырысы барысында синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес мәселелері, сондай-ақ инъекциялық есірткілерді тұтынушы есірткіге тәуелділерді емдеуде апиынды алмастырушы терапияны бұдан әрі қолдану перспективалары қаралды.

Негізгі акцент жаңа психобелсенді заттарды таратудың, осы мақсатта Интернет- ресурстарды, мессенджерлерді және электронды төлем жүйелерін пайдаланудың жолын кесуге жасалды.  

Сонымен қатар есірткі заттарды заңсыз тарату саласындағы  қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу шеңберінде алынатын заттардың сот-химиялық сараптамаларын  жүргізу мәселелері талқыланды.  

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі