ІІМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРЛІК АҚПАРАТТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ІІМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРЛІК АҚПАРАТТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Григорий Пустовитовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар  Орталық Азиядағы  қалыптасқан  есірткі ахуалын, күн тәртібіндегі ағымдағы  мәселелерді және ОАӨАҮО форматында ынтымақсаттықты дамыту перспективаларын  талқылады. 

Халықаралық  есірткіге қарсы  операциялар  өткізе отырып, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру  орталығы  және  Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымымен өзара іс-қимыл жасасуды  кеңейту туралы бастама қолдау тапты.

Кездесу соңында  ІІМ  Басшысы Қ.Қасымов  қазақстандық тараптың есірткі қылмысына, оның ішінде трансұлттық түрлеріне қарсы қимыл жасау  мақсаттарын ұстанатынын растады,  сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру және кеңейтуде ОАӨАҮО алатын орнын атап өтті.     

ҚР ІІМ Баспасөз қызметі