«КӨКНӘР-2018» ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«КӨКНӘР-2018» ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ІІМ-де Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтің төрағалық етуімен жыл сайынғы республикалық «Көкнәр-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Ағымдағы жылғы маусым-қазан аралығында өткен іс-шараның мақсаты - героин трафигін анықтау және жою, елдің оңтүстік өңірлерінде марихуана мен гашишті  дайындау мен шығаруға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ  есірткі таратумен  айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою.

Кеңес барысында өңірлік Полиция департаменттері  бастықтарының есептері тыңдалып, Интернет-ресурстары арқылы синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы іс-қимыл жасауға  ерекше көңіл бөлінді. 

«Көкнәр» ЖПІШ өткізу барысында 3 мыңға жуық қылмыстық есірткі құқықбұзушылық, оның ішінде мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 22 тоннадан астам түрлі есірткі алынды,  құрамында есірткісі бар 10,5 тонна  өсімдік жойылды. 

Қарау қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытқа есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде міндеттер белгіленді.  

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі