ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

ІІМ-де Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда жүйедегі, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлықты ескертуге қатысты шаралар, ІІО қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық жағдайының проблемалық мәселелері, сондай-ақ адам құқығын қорғау саласында ҮЕҰ-дар мен ІІМ-нің өзара байланысы туралы қоғамдық тыңдау өткізуге әзірлік барысы талқыланды.

Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі Кеңесте ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің (барлығы 40 түрлі қызмет) сапасы арта түскені атап өтілді. Қызметті көрсету мерзімдері де айтарлықтай қысқарған.

Көптеген мемлекеттік қызметтер қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі, ал көлікті тіркеуге қатысты қызметтер арнайы ХҚКО-да жүзеге асады, мұндай орталықтар қазір барлық өңірде құрылған. Бұл қызметкерлердің тұрғындармен байланысын барынша азайтады, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мен сапасын бақылауды арттырады, сондай-ақ жемқорлыққа итермелейтін жағдайларды төмендетеді. ІІМ көші-қон желісі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қазірдің өзінде сегіз өңірде Көші-қон қызметін көрсететін арнайы орталықтар құрылды.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша бірқатар іс-шаралардың іске асырылды, атап айтқанда еліміздің ішінде көлікті тексеру алынды, ұсынылатын құжаттардың тізімі қысқарды, көлікті тіркеу рәсімі мен шетелдіктерге жүргізуші куәлігін беру жеңілдетілді (бұған дейін ІІМ-нің қосымша рұқсаты талап етілетін).

Сонымен қатар қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгілерді дайындау уақыты қысқартылды, қолда бар нөмірлерден таңдау қызметі, жалпы білім беру мектептерінде жүргізушілер дайындау ұсынылды, тіркеу-емтихан алу бөліністерінің жұмыс режимдері ұлғайтылды және осы бағытта т.б. іс-шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ, дайын нөмірлік белгілер мен көлікті тіркеу құжаттарын алу үшін арнайы ХҚКО-ны таңдау немесе «Қазпошта» АҚ жеткізуші арқылы  алу қызметтері қарастырылған.

Көші-қон қызметінде қызметті пайдалуншы ұсынатын құжаттарды қысқартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға және оңтайландыруға, қызмет көрсету мерзімін оңтайландыруға, мемлекеттік органдарға бару қажеттілігін төмендетуге, сондай-ақ қызмет көрсетуші мен қызмет пайдаланушы арасында байланысты жою бағытында бірқатар жобалар іске асырылуда.

Сыбайлас жемқорлық себептерін жою үшін ІІМ бірқатар шаралар қабылдады. Бүгінде полиция Жол қозғалысы ережесінің сақталуын қашықтан бақылауға көшетін болады. Жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камералар пайдаланылады. Жемқорлыққа жол бермеу үшін полиция жасақтары қызмет атқару кезінде бейнетіркегіштерді пайдаланады. Өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері тексерістер мен рейдтерді үнемі жүргізеді.

Сонымен қатар ІІМ-де «Бірыңғай сенім телефоны – 1402» жұмыс істейді, бұл телефонға азаматтар жемқорлық фактілері туралы және ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар жөнінде хабарлай алады. Министрдің блогі жұмыс істейді, онда азаматтар үйлерінде отырып-ақ өздерінің хабарламаларын жібере алады, бұл халықты толғандырған мәселелерді қарауға және оларға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді.

Қоғамдық кеңестің төрағасы, профессор Марат Қоғамов өз сөзінде мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру, қажетті құжаттардың тізімі мен дайындау мерзімін қысқарту, қызмет көрсету барысында орын алуы мүмкін жемқорлық жағдайларын төмендету министрлік басшылығының айырықша бақылауында және осы саладағы ІІМ-нің жұмысы нәтижелі екенін атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының жүйесінде сыбайлас жемқорлықты ескерту, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық қамтамасыз етуін жақсарту туралы ұсынымдар жасалды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі