Ішкі істер министрлігінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ЕҚЫҰ парламенттік Ассамблеясының төрағасы Георгий Церетели бастаған делегациямен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның ішкі істер органдарының алдағы реформалары жайлы және осы саладағы ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Тараптар қызығушылық танытқан салаларда ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог атмосферасында өтті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Баспасөз қызметі