ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Италия Парламентінің депутаттар Палатасының вице-президенті Эттре Розато бастаған Италия Парламенті делегациясымен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан ішкі істер органдарының алда тұрған реформасы, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес саласындағы итальяндық тараппен одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.
Тараптар мүдделі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу өзара түсіністік пен конструктивтік диалог жағдайында өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі