ҚАЗАҚСТАН, ӨЗБЕКСТАН, ТӘЖІКСТАН ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАНДА «STOP ТРАФИК» ОПЕРАЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН, ӨЗБЕКСТАН, ТӘЖІКСТАН ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАНДА «STOP ТРАФИК» ОПЕРАЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының, Өзбекстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның ішкі істер министрлерінің бірлескен отырысының шешімдерін орындау үшін 22-26 қарашада бір мезгілде осы елдердің аумағында «СТОП трафик» жедел алдын-алу шарасы өткізілді.

Операция адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау, тергеу және ашуға бағытталған. Нәтижесінде 4 мемлекеттің аумағында 95  қылмыс анықталды.

Қазақстандық полиция қызметкерлері 67 фактіні анықтады, оның ішінде адам саудасының 14 фактісі, кәмелетке толмағандар арасында адам саудасы, пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі, жезөкшелікпен айналысудың 7 фактісі, жезөкшелікті ұйымдастырудын 71 фактісі анықталды.

Жезөкшелікпен айналысуға орындар ұсынғаны үшін 21 әкімшілік хаттама толтырылды (Әкімшілік кодексінің 450-бабы). Сонымен қатар, жеке басын анықтау үшін арнайы мекемелерге 19 адам (соның ішінде Өзбекстанның 10 азаматы, 7-і Қазақстан, 2-і Қырғызстан) әкелінді.

Өзбек әріптестерімен бірлесе отырып, полиция қызметкерлері адам саудасы мен алаяқтық үшін халықаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстады.

Ішкі істер министрлігі мен Алматы қ. полиция қызметкерлері, Оңтүстік Кореяның тұрғындарының, караоке-барларын пайдаланып, шетелдіктерге (қызмет құны 300-ден 1000 АҚШ долларына дейін) интимдік қызмет көрсетіп жүрген қылмыскерлерді ұстады. Қызмет көрсетіп жүрген  20 - 23 жастағы 18 қыз анықталды.

Ақтөбе облысында полиция ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қараша айына дейін шаруа қожалығында зорлық-зомбылықпен 49 жастағы ер кісіні мәжбүрлеп ұстап отырған екі тұрғынды қолға түсірді.

Атырау облысының полиция қызметкерлері жаңадан туылған қызын 32 жастағы әйелге 5 мың АҚШ долларына сату фактісін анықтады.

Көршілес елдердің әріптестері қол жеткізген нәтижелер: Бішкек қаласындағы ІІББ офицерлері 28 жастағы әйелді сексуалды пайдалану пайдалану мақсатында ұрлаудың жолын кесті. Өзбекстан полициясы 2015 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде жыныстық қызмет көрсету мақсатында кәмелетке толмаған адамды Дубайға беруді ұйымдастырған 27 жастағы әйелді ұстады.

ҮЕҰ өкілдерімен полиция қызметкерлері адам саудасының құрбандарын анықтау мақсатында жезөкшелікпен айналысатындарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ адам саудасы мәселесі бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілді.

Мысалы, Қарағанды облысында «Қайсар» қоғамдық қорымен бірге полиция қызметкерлері сауда-саттық мәселесі бойынша брошюралар таратып, Қарағанды сауда үйінде сенім телефондары мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнатқан.

Солтүстік Қазақстан облысында еріктілер ұйымымен және «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірге полиция қызметкерлері флеш-моб өткізді және Петропавлдағы сауда үйлерінде анықтамалық материалдарды таратты.

 

ҚР ІІМ Баспасөз қызметі