ІІМ-де Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі кеңесшісінің көмекшісі Саид бин Салем Әл-Карни басқарып келген Сауд Арабиясы Корольдігінің құқық қорғау органдарының делегациясымен кездесті.
Кездесуге қатысушылар қылмысқа қарсы күрес, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы қазақстан-сауд ынтымақтастығы мен перспективалары туралы пікір алмасты.
Тараптар қызықтырған бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасауды нығайтуды жалғастыруға дайын екендіктерін айтты.
Кездесу өзара түсініктік және конструктивті диалог жағдайында өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызмеі