«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯҚТАЛҒАН

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯҚТАЛҒАН

Ішкі істер министрлігінің қыркүйекте бастаған еліміздің аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік учаскелерін аралады.

«Учаске» қорытындысы бойынша 9 мыңнан астам жалға берілетін пәтерлер тексерілді. Мекенжайларда тіркеусіз тұрған 37 мыңнан астам азаматтар, сондай-ақ адамдар тіркеліп тұрақты тұмайтын пәтерлердің 1 мыңнан астам иелері әкімшілік жауапкершелікке тартылды.

Қазақстан Республикасында болуы тәртiбiн бұзғаны үшін 20 мыңнан астам шетел азаматы анықталды, сол  себепті соттың шешімі бойынша 2 мыңнан астам шетелдік еліміздің аумағынан тыс шағырылды.

11 мынның аса тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар ұсталды.
Заңсыз айналымнан 521 бірлік атыс қарулары және олардың 1 мыңнан астам оқ-дәрісі алынды.

2 мыңнан астам қару иелері сақтау ережесін бұзушылықты жоюға дейін уақытша қару пайдалану құқығынан айырылды.