ІІМ Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне орай жыл сайынғы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізді.
Оған 16 мыңнан астам полиция, прокуратура және сот қызметкері, білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметшілері атсалысты.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін 7,5 мыңнан астам қоғамдық іс-шаралар, мобильдік акциялар мен флэшмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер мен тринингтер өткізілді.
ІІО-да есепте тұрған 16,5 мың адам тексерілді, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілді. ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп 6 мыңнан астам жайсыз отбасы тексерілді.
Полиция қызметкерлері 3,5 мыңнан астам адамды жауапкершілікке тартты, оның ішінде 2604 қорғау нұсқама шығарылды, 484 жайсыз отбасы есепке қойылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі