ІІМ «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ІІМ «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға, оның зардабын төмендетуге, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау ережесін сақталуын қадағалауды күшейту мақсатында елімізде «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтті.

Жедел-профилактикалық шара кезінде автобус паркттерінің 115 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапқа тарытылды. 253 заңсыз қайта жабдықталған автобустарға, сондай-ақ техникалық жағдайы талаптарға сай келмейтін автобус пен таксилердің жүруіне тыйым салынды.

Профилактикалық шара кезінде 11 665 жол ережесін бұзушылық анықталды.

Көлікті мас күйінде басқарған 20 факті, жұмыс және демалыс кестесін бұзу – 125 факті, жолаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыру қағазының болмауы – 533 факті, заңсыз қайта жабдықталған көлік – 253 факті, автокөліктің рейс алды тексерістен өтпеуі - 99 факті, техникалық тексерістен өтпеген – 554 факті, 953 жылдамдықты асыру фактісі, 2 235 көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны, заңсыз жолаушыларды тасымалдаудың 102 фактісі (оның ішінде 86 такси) анықталды.

Заң бұзушылықтардың басым бөлігі Астана қаласында (1 085), Түркістан облысында (1 131), Жамбыл облысында (1 181), Солтүстік Қазақстан облысында (827), Қарағанды облысында (817) және Шығыс Қазақстан облысында (816) анықталды.

Жолаушыларды тасымалдауда қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі