Нысанды киім соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді.
Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы.
Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.
Қазақстандық полицейлердің нысанды киімінің жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз. Жаңа нысанды киім үлгілері ҚР ІІМ-нің Инстаграмдағы @mvd.kaz ('https://www.instagram.com/mvd.kaz/"(https://www.instagram.com/mvd.kaz/'>https://www.instagram.com/mvd.kaz/"(https://www.instagram.com/mvd.kaz/) ресми парақшасында жарияланған.