Ағымдағы жылғы 9 қаңтарда Ішкі істер министрлігінде ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов пен Арменияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Г. Галачянмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы туралы пікір алмасты.
Тараптар мүдделі бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылдарды нығайтуға әзір екендіктерін мәлімдеді.
Кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог түрінде өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі