МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСЫП КЕЛГЕН 3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСЫП КЕЛГЕН 3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Алматы облысының аумағында 3 қылмыстық топтың жолы кесілді, 9 мал ұрлығы ашылды.

5 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері 5 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Бұл қылмыстық топ Кеген ауданының аумағында үш мал ұрлығын жасап, 88 бас жылқы ұрлаған.

Сол күні Іле ауданында бірнеше рет ұсақ мал ұрлауға қатысқан 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Бұлар осы уақытқа дейін барлығы 240 бас қой ұрлаған.

6 қаңтарда Жамбыл ауданының 4 тұрғынан құралған қылмыстық топ ұсталды, олар 27 бас жылқы ұрлаған.

Қазіргі уақытта ұрланған малды іздеу және заңды иелеріне қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні 12 жылқы және 51 ұсақ мал басы табылды және қайтарылды.

Ұсталғандардың басқа ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.