ІІМ-ДЕ АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ІІМ-ДЕ АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ішкі істер министрлігінде ведомствоның бірқатар департамент басшыларының Қазақстандағы АҚШ Елшілігі Қауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастық бөлімінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында  есірткі бизнесіне, экстремизмге және терроризмге, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа  қарсы іс-қимыл жасау саласында ынтымақтастық  мәселелері  қаралды.
Бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ағымдағы және  перспективті  жоспарлар, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту курстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.    

ҚР ІІМ баспасөз қызметі