ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН МҰҒАЛІМДЕР СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕР МЕН «ДӘРІХАНАЛЫҚ» НАШАҚОРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН МҰҒАЛІМДЕР СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕР МЕН «ДӘРІХАНАЛЫҚ» НАШАҚОРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Астана қаласының білім басқармасы және «Свободные люди» Қоғамдық қорымен бірлесіп синтетикалық есірткілер және «дәріханалық» нашақорлық проблемалары жөнінде астаналық мектеп ұстаздарымен және меңгерушілерімен кездесу өткізді.(31.01.2019 ж. сағат 14.00 №72 орта мектеп Байтұрсынов к-сі, 25)

Кездесу Астананың барлық жалпы білім беру мекемелерін  қамтуы тиіс ұзақ мерзімді бағдарламаның бірінші кезеңі.

ҚР ІІМ Департаменті басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев атап өткендей, профилактикалық бағдарламада жасөспірімдердің айналасындағы ересектер - ата-аналар мен ұстаздарға  баса назар бөлінген. Бағдарлама  жасөспірімдер ортасына  тән -  жаңа буындағы синтетикалық есірткілер және «дәріханалық» нашақорлық сияқты екі  проблеманы қамтиды.

«Свободные люди» Қоғамдық қорының  басшысы Ольга Агапова жасөспірімдер нашақорлығының қазіргі  заманғы проблемалары  туралы сөз сөйлеп, педагогикалық жұмысшыларды психобелсенді заттарды  интернет-ресурстары арқылы таратудың жаңа  тәсілдері,  белгілері және оларды тұтынудың  салдары туралы ата-аналарға арналған дәріспен таныстырды.

Анықтама ретінде: 2018 жылы ІІМ бастамасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі есірткі және психотропты заттар  жарнамаланған және таратылған 5 мыңға жуық интернет-ресурсын бұғаттады. Есірткі таратын мессенджерлердің электрондық мекенжайлары жазылған  2,5 мыңнан астам граффити – жазба анықталып, жойылды. Оларды жазғаны үшін 12  адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі