Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамына мүшелер сайлау туралы конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңес кандидаттарына «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабында көзделген талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
2) Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың сотталғандығы болмауы, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымауы, сондай-ақ психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс. Конкурсқа қатысу үшін мыналар ұсынылады:
1) Кандидатураларды Қоғамдық кеңес құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) Өмірбаяндық деректерін көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәлімет. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Қоғамдық кеңеске кандидатуралар бойынша ұсыныстарды хабарландыру жарияланған мезгілден 10 күндік мерзімде мына мекенжай бойынша: индекс 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ ku.elyubaev@mvd.gov.kz электрондық мекенжайға (б.т. 72-26-69, 72-21-92). жолдау қажет.