ІІМ-де Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік антитеррористік құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Д.Ф. Гиёсовпен кездесуі болды.
Кездесуге қатысушылар терроризмге және экстремизмге қарсы күрес саласы бойынша ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты. Тараптар өз кезегінде негізгі бағыттар бойынша өзара әрекеттестікті нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.
Кездесу екіжақты түсіністік пен конструктивті диалог аясында өтті.
ҚР ІІМ Баспасөз қызметі