ІІМ БРАКОНЬЕРЛІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗДІ

ІІМ БРАКОНЬЕРЛІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗДІ

Өзектілігіне байланысты браконьерлікке қарсы күрес мәселелері әртүрлі мемлекеттік органдармен жиі қаралып тұрады. Парламент Мәжілісінде осы мәселе бойынша Дөңгелек стөл өтті. Ішкі істер министрлігінің өкілдері табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, атап айтқанда браконьерлікке қарсы күреске полиция маңызды көңіл бөлетіні туралы айтты.

Өткен жылы полиция 14 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзылықтарды анықтады. 1,5 мыңға жуық сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркеді, оның ішінде 700-ге жуық  қылмыстық іс сотқа жолданды. 13 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

140 тонна заңсыз ауланған балық, оның ішінде 8,7 т тонна бекіре тұқымдас балық, мыңнан астам текше метр заңсыз дайындалған ағаш, 195 жүзу құралы, 2800 құқық бұзу құралы, оның ішінде 350 атыс қаруы алынды.

Киіктерді заңсыз аулау, олардың мүйіздерін заңсыз сатып алу, сату фактілері бойынша 77 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізді. Сот үкімдерімен 49 адам сотталды, 500-ге жуық мүйіз бен 313 киіктің денесі алынды.

Тергеу практикасының көрсетуінше көбінесе охотинспектолар браконьерлік фактілері бойынша дәлелдемелерді сапасыз бекітеді, тергеу кезінде күдікті адамдардың кінәсін дәлелдеуге үлкен маңызы бар браконьерлердің заңсыз әрекеттерін бейнетаспаға түсіріп бекітпейді.

Барлық осындай дәлелдемелер жинақтау бойынша жағдайлар тікелей қылмыстық істің перспективасына кері әсерін келтіреді, себебі қылмыстық процестің нормалары бойынша қандай да бір туындаған күмән күдікті адамның пайдасына қарайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде киітің мүйізін заңсыз сатып алғаны немесе сатқаны үшін 40 адам ұсталды, 3-мың дана киік мүйізі алынды (соңғы 5 жылда, оның ішінде заңсыз сатып алу, сату фактілері бойынша 7 мыңға жуық киік мүйізі алынды).

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, олар киіктерді атумен, олардың мүйізін сатумен айналысқан. Қылмыстық топты «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының аға мемлекеттік инспекторы басқарған. Олардың үстерінен 30-дан астам эпизод бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 492 киікті заңсыз атқан, тергеу барысында олардан 300-ге жуық мүйіздері алынған, мемлекетке 745 млн.теңге зиян келтірілген. Өткен жылы қылмыстық іс сотта қаралып, барлықтары нақты бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылып сотталды.

2018 жылы екі қызметтік автокөлігін пайдалана отырып, киіктерді заңсыз атқандары және олардың мүйізін дайындағаны үшін «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік кәсіпорынының алты мемлекеттік инспекторы сотталды.

Браконьерлікпен күресудің проблемалық мәселелері бойынша соңғы жылдары Ішкі істер министрлігі заңнамаға бірқатар ұсыныстар енгізді, оның ішінде заңсыз аң аулау, су жануарларын заңсыз аулау, орман ағашын шабу, қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы болып табылған мүлікті тәркілеу бойынша заңнама нормасын бірыңғау қолдану жөнінде.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне мынадай ұсыныстар енгізілген болатын:

- жабайы жануарларды қорғау бойынша жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау;

- охотинспекторларды қызметке қатыстылығын ажырататын белгілері бар киім-кешекпен, бейне жетонмен қамтамасыз ету жөнінде, ал қызметтік автокөліктерін – арнайы бояумен сәйкестендіріп, жарық шам мен дыбыс беру құралы мен бейне тіркеуішпен жабдықтау туралы;

- охотинспекторлардың қару қолдану негіздері тәртібінің тізбесін кеңейту туралы (заңнамаға сәйкес оларға қарулану үшін ұзын ойық ұңғылы карабин немесе қысқа ойық ұңғылы тапанша пайдалану құқығы берілген);

- охотинспекторларға құқық қорғау органдары базасында құқық бұзушыларды ұстау, қарау жүргізу, оларды жеткізу, алдын-ала материалдар толтыру мен айғақты заттарды бекіту және басқа да әрекеттер мәселелері бойынша сабақ өткізу туралы;

- охотинспекторлардың, оларды жұмысқа алу жеке критерийлерін әзірлей отырып, кадр сапасын қайта қарау қажеттілігі туралы.

Бар проблемалық мәселелерді шешу және көрсетілген ұсыныстарды іске асыру бойынша Ішкі істер министрлігі өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын Ауыл шаруашылығы министрлігіне жан-жақты көмек көрсетіп тұрады. 

 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті