Бүгін Астанада өрт сөндіру - құтқару спортынан ерлер арасында XXVII қысқы чемпионат, әйелдер арасында V қысқы чемпионат, жастар арасында IV қысқы чемпионаты өтті.
Чемпионаттың ашылуна старт берген ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин. сонымен бірге Ю.В.Ильин бүгінгі қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тілеп, Өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатында 4-ші орын алған жастар құрамасын құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Федерация төрағасы Д.Данаев ардагарлер мен еңбек сіңірген жаттықтырушыларға Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спортына 60-жыл толу меретойына орай медалдармен марапаттады.
Қазақстанның барлық аймақтарынан (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, 14 облыс) 391 қатысушы, 19 команда, сонымен қатар Абылайхан атындағы колледжі және КТИ өз шеберліктерін көрсетумен және чемпион атағына күресуде.
Жарыстың бірінші кезеңде шабуыл баспалдағымен оқу мұнараның 2, 3, 4 қабаттарына көтерілу болса, ертең екінші кезеңде 100 метрлік жолақтан өту болады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аймағында өрт сөндіру-құтқару спортынан 19 ерлер, 12 әйелдер және 13 жастарға арналған секциялар бар. Өрт-сөндіру құтқару спортының жаттықтырушы құрамы 24 адамнан тұрады, олар ерлер, әйелдер және жастар командаларын жаттықтырады. Қазақстан Республикасында өрт сөндіру-құтқару спорты мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы бері дамып келеді. Осы кезеңге дейін ерлер арасында 27 ҚР қысқы чемпионаты, әйелдер арасында 5 ҚР қысқы чемпионаты, жастар арасында 4 ҚР қысқы чемпионаты өтті. 2018 жылы Қазақстанда Өрт сөндіру –құтқару спорты бойынша федерациясы 60 жылдығын атап өтті.
Өртке қарсы қызметкерлерінің кәсіби қызметінің негізгілерінің бірі болып өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары болып табылады. Өрт сөндіру құралдарын тез арада жаю, адамдарды құтқару, мүліктерді эвакуациялау, биіктікте, түтін мен жоғары температурада қызмет атқару, қиын жағдайда әр түрлі кедергілерден өту жеке құрамнан өз борыштарын өтеуден басқа денсаулық пен төзімділікті, күш жігер мен қайратты талап етеді. Барлық осы қасиеттер спортшы-өрт сөндірушілерде бар. Бұл азарттық құмарлық спорт емес, адамдардың өмірін құтқаратынспорт түрі. Бұл спорт түрінің тігінен көтерілу түрі. Бұл спорт түрінің көпшілікке белгілі болуы жыл сайын біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде дамып келеді, бұл дегеніміз өрт сөндіру-құтқару спортының қажеттілігі екенін көрсетеді.
Өрт сөндіру-құтқару спорты – жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2019 жылғы 21 ақпанда 17 сағат 00 минутта «Жастар» сарайында жоспарланған.
Астана қаласы ТЖД Баспасөз қызметі