«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КРИМИНАЛИСТЕРІ СОТ ТӨРЕЛІГІ ҚЫЗМЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КРИМИНАЛИСТЕРІ СОТ ТӨРЕЛІГІ ҚЫЗМЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

2019 жылғы 26 ақпанда ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Қазақстанның криминалистері сот төрелігі қызметінде» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Конференция жұмысына бейнеконференбайланыс режимінде Ішкі істер министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясы және М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қосылды. 

Конференцияға шетел және отандық ғылыми қауымдастықтар, мемлекеттік органдардың өкілдері, докторанттар, магистранттар, жеке сот сарапшылары қатысты.

Конференция шеңберінде қылмыстық процесте, криминалистикада, ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық қызметінде, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті бөліністерінде арнайы білім институты өзекті теориялық және практикалық мәселелері, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сот-сараптамалық және криминалистикалық қызметін дамытудың аралас аспектілері талқыланды. Форумның қорытындысы бойынша жинақ шығарылды.  

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі