Ішкі істер органдары ел аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымға тыйым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Операцияны жүргізу барысында 99 құқық бұзушылық анықталды. Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты 104 алаяқтық ашылды.
Заңсыз айналымнан 4 мыңға жуық, оның ішінде 3,6 мың контрафактілік аудио-бейне туындыларды тасымалдағыш, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды және лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулері бар тасымалдағыштар алынды.
Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі