ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Кездесуге елдің түрлі өңірлерінен 30-дан астам адам қатысты, олар министрге маселелерін, ұсыныстары мен шағымдарын жеткізді.

Азаматтар министрге қылмыстық істерді тергеудің толықтығы, сапасы мен мерзімдері, құмар ойындарға қатысты мәселелерді шешу туралы өтініштермен жүгінді.

Министр негізінен Астананың тұрғындары мен бірнеше аймақтан келген азаматтармен жеке кездесті.Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының тұрғындары  Е.Тұрғымбаевқа бейнеконференцияда өз проблемаларын айтты.

Алынған сұрақтар бойынша Е. Тұрғымбаев егжей-тегжейлі түсіндірмелер берді, одан әрі зерттеуді қажет ететін материалдар министрдің жеке бақылауына алды. Оларға сәйкес Министрліктің тиісті ведомстволарының басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Қабылдау барысында Ішкі істер министрі өтініштерді қарау және азаматтардың проблемаларын шешу Ішкі істер министрлігі үшін басымды бағыт болып табылатынын атап өтті. Азаматтардың бірде-бір шағым-арызы мен өтініштері ескерусіз қалмайды.

Министр сондай-ақ, ол қабылдаушы тарапқа ғана емес, жұртшылық үшін ашық екенін атап өтті. Министрліктің басшылығымен азаматтарды қабылдау апта сайын өткізіледі.