ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету көшелердегі, басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алып, жолын кесу мақсатында ел аумағында 18-20 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Бұл шараға ішкі істер органдарының 18 мың қызметкері, соның ішінде 3,6 мың жауынгер, 3,6 мың автокөлік және 1,5 мың қоғам өкілдері тартылды.

Жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде барлығы 1,5 мың қылмыс тіркелді. Соның ішінде қоғамдық орындарда – 205, көшелерде – 61 қылмыс есепке алынды. Ізін суытпай ашқан қылмыстар 60% құрады. Тиым салынған заттарды сақтап, тасымалдағаны үшін 192 адам, соның ішінде есірткі заттарын сақтағаны үшін – 48 адам ұсталды. Олардан 3,6 келі есірткі, нақтырақ айтқанда 770 гр. героин тәркіленді, 162 дана қару, 16 дана жарылғыш құрылғылар мен оқ-дәрілер, 56 дана суық қару алынды.

Бұған қоса, 40 299 әкімшілік құқық бұзушылық, дәлірек тоқталсақ 2 632 ұсақ бұзақылық, 4 653 спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу фактісі, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың – 103 фактісі тіркелді. Ал ҚР аумағында тұру ережесін бұзу бойынша 3 638, ұялы телефондарды пайдалану ережесін бұзудың 3 243 мың фактісі, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 6 392 фактісі есепке алынды. Мұның ішінде 124-і жолдың қарсы бетіне шығу, 160-ы темір жолдардан өту тәртібін бұзу, 376-сы көлік құралын мас күйінде басқару бойынша тіркелді.Сонымен бірге Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған 1 826 мың факті анықталды.

Қабылдап-тарату орындарына 461 адам жеткізілді. Оның 313-і шетелдік азамат. Уақытша бейімдеу орталығына 1 495 мың адам жіберілді. 5 786 адам дактиласкопиядан өтті, ІІО фото-бейне есібіне 5 501 адам қойылды.

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан 24 мал ұрлығы тіркелді. Оның ішінде бұрын ұрланған малдардың 36 фактісі ашылды.

ІІО қызметкерлері 882 мал және ет базарларын аралады. Бұдан соң «Рубеж» бекеті арқылы мал немесе ет алып келе жатқан  432 көлік құралын тексерді. Соның 107-сі полиция бөлімдеріне жеткізілді.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.