ҚАЖ қызметкерлерін сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстарына үйрететін болады.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Ж.К.Сүлейменовтің қатысуымен ІІМ-де Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің «Экстремистік және террористік сипаттағы сотталғандармен жұмыс жасауға күш салу және 2018-2021 жылдарға арналған пенитенцирлық мекемелерде зорлық-зомбылықты тудыратын радикализацияны болдырмау» атты бірлескен бағдарламасына қол қойылды.
Оның мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және террроризм қатерлерінен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін, адам құқықтарын сақтай отырып, экстремизм мен радикалдандырудың салдарына қоғамның тұрақтылығына жәрдемдесу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру, сондай-ақ қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу, экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың қауіп-қатерлерін бағалаудың заманауи жүйесін әзірлеу және ІІМ Қостанай Академиясының базасында ҚАЖ қызметкерлерін теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оқыту орталығын құру жоспарланып отыр.
Бағдарлама Еуропалық Одақ, БҰҰ-ның Терроризмге қарсы орталығы және Қазақстан мен Тунистегі Нидерландтар Корольдігі Үкіметтерінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз орталығы