ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасының шеңберінде республиканың әр өңірінде ұйымдастырылған қайырымдылық концерті Нұр-Сұлтан қаласында қортындыланды.
ІІМ-нің бұл әлеуметтік жобасы қоғамда балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қағидасын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысын төмендетуге бағытталған.
Бейбітшілік пен келісім сарайындағы қорытынды қайырымдылық концерті Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің көркемөнерпаздар ұжымының және қазақстандық эстрада әншісі, «Азия дауысы» фестивальдерінің және «Дарын» конкурсының лауреаты Бейбіт Қорғанның қатысуымен өткізілді.
Іс-шараға аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, мүмкіндіктері шектеулі кәмелетке толмағандар, полиция есебінде тұрған жасөспірімдер және олардың ата-аналары шақырылды.
Жас көрермендер қуанышты көңілмен қолдау көрсетіп, Бейбіт Қорғанмен бірге танымал әндерін бірге шырқады. Полиция департаментінің шығармашылық ұжымының да өнері тыңдаушылардың көңілінен шықты. Іс-шараға қатысушылардың барлығы да ұмытылмас көңілді әсерге бөленді.
Құқық сақшылары балалардың құқығын, олардың заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне қашанда ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі