Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаимен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушылар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қазақстан-жапон ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі туралы пікір алмасты.
Тараптар мүдделі бағыттары бойынша екі жақты өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу өзара түсіністік мен конструктивтік диалог жағдайында өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі