«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

1 сәуірден бастап Нұрсұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Маңғыстау облыстарында полиция және төтенше жағдайлар бөліністері қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның басты мақсаты қоғамдық тәртіпті сақтау, учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік учаскеде тұратын тұрғындармен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, заңсыз миграцияның жолын кесу болып табылады.

Алдымен, астананың шеткі аудандары мен қала маңындағы аудандарда тексеріс жүргізіледі.

ЖПІШ бірінші аптасында учаскелік инспекторлар мен ТЖД қызметкерлері 57 мыңнан астам тұрғын жайлар мен саяжайларды аралап шықты. Жалға берілетін 1647 пәтер тексерілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шетел азаматтарының тарапынан  көші-қон заңнамасы бұзылуының 350 фактісін анықталды, оның ішінде сот шешімі бойынша 55-і елімізден тысқары шығарылды.

Тексеріс барысында тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған және жеке тұлғасын куәландыратын құжаты жарамсыз болуына байланысты 800-ден астам факті тіркелді, тұрғын жайы бойынша тұрмайтын азаматтарды тіркеуге алғаны үшін 28 пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Алаяқтықтың алдын алу мақсатында тексеруші адамдардан қызметтік куәлігін көрсету және жеке тұлғасын анықтайтын құжаттардың мерзімін тексеру ұсынылады, сондай-ақ тіркелген жері бойынша тұрмайтын азаматтарды өздеріңіздің үй-жайларыңыздан тіркеуден шығару қажет.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі