ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ Е.З. ТУРГУМБАЕВТЫҢ КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ Е.З. ТУРГУМБАЕВТЫҢ КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Е.З. Тургумбаевтың Біріккен Араб Әмірлігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасындағы Мұхаммед әл-Джабермен кездесуі туралы

ІІМ-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхамед әл-Джабермен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар қазақстан-әмірліктер арасындағы қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікірлерімен алмасты. 

Сонымен қатар араб тарабы Абу-Даби қаласының полиция делегациясының ҚР Ұлттық ұланның қызметімен танысу үшін ағымдағы жылғы 21-29 сәуір аралығында Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Кездесу өзара түстіністік және конструктивтік диалог жағдайында өтті.

ҚР ІІМ Баспасөз қызметі