СҚО полицейлері шетелдік көліктердің иелеріне көлікті заңды тіркеу қажеттілігін түсіндіруде

СҚО полицейлері шетелдік көліктердің иелеріне көлікті заңды тіркеу қажеттілігін түсіндіруде

СҚО полицейлері шетелдік көліктердің иелеріне көлікті заңды тіркеу қажеттілігін түсіндіруде

Қаржы шығындары, тәркіленген машиналар және қылмыстық із қозғау – былайша айтқанда, мұның бәрі шетелде есепте тұрған көлікті сатып алған автокөлік иелерінің басына төнуі мүмкін. Қиын жағдайға тап болмас үшін – сатып алу-сату туралы мәміле жасағанға дейін автокөлік жайлы анық-қанығын білу, оның құжаттарының түпнұсқалығына көз жеткізу қажет. Орын алуы мүмкін қауіптің алдын алу мақсатында – СҚО әкімшілік полицейлері түсіндіру жұмысын жандандырды.Облыстық Полиция департаменті Процессингтік орталығының қызметкерлері рейдтер өткізуде, оның барысында автокөлік иелеріне Қазақстанда тіркелмеген автокөлікті пайдаланудың зардаптарын түсіндіруде. Полицейлер арнайы call-орталықтың (8 715-2 32-00-19, 32-00-22) байланыс телефондары көрсетілген алгоритмдері бар жадынамалар мен буклеттер таратуда.

– Әкімшілік полиция қызметкерлері шет мемлекеттерде тіркелген автокөліктердің иелерімен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда заңсыз жолмен тіркелген, іздеуде жүрген автокөліктерді пайдаланудың фактілері бар. Мұндай тәуекелдерге жол бермеу үшін көлік құралдарын тіркеуге қойған дұрыс. Көлікті сатып алмас бұрын – оның құжаттарының заңды жолмен жасалғанын тексеріп алған абзал, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жалпы 9 айда полицияның Процессингтік орталығы 60 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті. Жыл басынан біздің өңірде 21 193 көлік құралы тіркеліп, 19 043-і есептен шығарылды. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің 15 мың 831 жинағы берілді.

Көлікті тіркеу және қайта тіркеу мәселесі, емтихан қабылдау, жүргізуші куәліктерін, көлікті тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік беліглерін беру – мұның бәрі орталық қызметкерлерінің атқаратын жұмысы. Сонымен қатар жұмыстың негізгі бағыттарының бірі шетелден Қазақстан Республикасына әкелінген автокөліктерді тіркеу бойынша жұмыс істеу болып табылады. Полицейлер: көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару және сатып алу мәселелері бойынша жұмыс күндері Процессингтік орталықтың “қауырт желісі” 32-00-19, 32-00-22 телефондарына хабарласуға болатынын еске салады. Сонымен қатар Instagram әлеуметтік желісінде СҚО ПД әкімшілік полициясының ресми аккаунты жұмыс істейді (@police_uap_dp_sko), оған да ақыл-кеңес алу үшін жүгінуге болады.