«ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ - КӨКТЕМ» ЖПІШ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

«ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ - КӨКТЕМ» ЖПІШ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Республика аумағында заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу мақсатында көші-қон, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Заңсыз келуші-көктем» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өтті.

Үш күндік операция кезінде елге келу ережесін бұзған 9 334 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

951 шетел азаматы елімізден шығарылды. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне  көші-қон заңнамасын бұзған  17 факті тіркелді.  Іздеуде жүрген 30 қылмыскер, оның ішінде 7-і ТМД азаматы ұсталды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 338 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлғасын куәландыратын құжаты жоқ 998 шетел азаматы қабылдау-тарату орындарына орналастырылды.

Еліміз бойынша 3753 шетел азаматына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін уақытша болу мерзімі қысқартылды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі