ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ АҚТӨБЕЛІК ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ АҚТӨБЕЛІК ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Президент Әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арыстанов Атығай Ғазымбекұлы тағайындалды.

Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

А.Ғ. Арыстанов 1971 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды Заң институтының магистратурасын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1992 жылдың желтоқсан айынан бері ортаңғы және жоғарғы басшылық құрамда әртүрлі қызметтер атқарды. Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі жеткілікті.

Әр жылдары Алматы қаласының Полиция департаменті Бостандық ауданы Полиция басқармасының бастығы, Қостанай облысының Полиция департаменті  бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

2016 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі