ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫН МИНИСТР ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ ТАНЫСТЫРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫН МИНИСТР ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ ТАНЫСТЫРДЫ

Президент Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Заппаров Арыстанғани Расылханұлы тағайындалды.

Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

А.Р. Заппаров 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Заң институтын бітірген.

Ішкі істер органдары қатарында 1993 жылдың қараша айынан бері ортаңғы және жоғарғы басшылық құрамда әртүрлі қызметтер атқарды. ІІО-ның өңірлік бөліністеріндегі басшылық қызметтерде жұмыс тәжірибесі бар.

Әр жылдары Алматы облысының ПД Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасын, Алматы қаласының ПД Алатау ауданы Полиция басқармасын, Ақмола облысының ПД Степногорск қаласы Полиция басқармасын басқарды. Ақтөбе облысы ПД-ті бастығының бірінші орынбасары болды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

Қайрат Мұхитов берген рапортына сәйкес облыстық Полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды және Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі