ҚР ІІМ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ АЛҒАШҚЫ РЕТ ӨҢІРДЕ, СҚО-ДА ӨТТІ

ҚР ІІМ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ АЛҒАШҚЫ РЕТ ӨҢІРДЕ, СҚО-ДА ӨТТІ

Ішкі істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы ҚР ІІМ тарихында алғашқы рет өңірде, яғни Петропавл қаласында өтті.

Көшпелі отырысты өткізу алаңы Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті болып табылды, оның жанында консультативтік-кеңесші орган белсенді жұмыс жасауда. ККО мүшелері көп жылдан бері полицейлермен тығыз қарым-қатынас үстінде және олардың қызметінің проблемалары мен жақсы жақтарын жақсы біледі.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов бастаған елордалық жұртшылық солтүстікқазақстандық полицейлердің жұмыс барысында пайдаланатын құралдары және техникасымен танысты. Жедел басқару орталығына, арнайы мұрағатқа, ПД музейі мен жатақханасына экскурсия ұйымдастырылды. Петропавл қ. ПБ фронт-офисінде, кезекші бөлімінде болды. ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысына СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев, облыстық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, жұртшылық, блогерлер және журналистер қатысты. СҚО Полиция департаменті және «Алтын-Бесік» мектепке дейінгі мекемесінің бірлескен жобасы аясында бөбектер қонақтарға өздерінің IT-идеяларын: болашақтағы жолдарда қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша құрастырылған электронды құрылғылары мен  аспаптарын көрсетті. 

СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов отырысты аша отыра, ашықтық пен сервистік моделін көздейтін ІІО жұмысын жаңғыртуда жұртшылық пен халықтың пікіріне ерекше көңіл бөлінетінін және осы жұмысты ретке келтіру - көшпелі іс-шараның міндеттерінің бірі  екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда полиция жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі фронт-офистер қызметінің тиімділігі. Полицияға жүгінген адам ғимаратқа кірер-кірместе кез-келген мәселе бойынша білікті көмек алуы тиіс. Осы тұста петропавлдық полицейлердің фронт-офисі былтырғы жылдың күзінде есігін айқара ашты», - деді ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамов.

Қазіргі уақытта 16 фронт-офис, оның ішінде 13-і аудандық полиция бөлімінде, 3-і Петропавл қ. жұмыс істейді.

Арнайы баспасөз-конференциясы барысында Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтық қоғаммен ашық диалог жасау - қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыратынын атап өтті. Қазақстан Адвокаттар Одағының президенті Әнуар Түгелдің айтуынша, мемлекеттегі тұрақтылықты сақтауда, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуі маңызды. Сондай-ақ, ол 2 жыл бұрын СҚО ПД бастығының бастамасымен солтүстікқазақстандық полицейлер үшін ашылған жатақхана қызметкерлердің тұрғын үй проблемасын шешетінін атап өтті. Ведомстволық жатақханада 50 полицейлік отбасы тұрады. 

Адвокат өз сөзінде, оң тәжірибе ретінде СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловтің халықпен өткізген жеке кездесулерін атап өтті, Департамент басшысы 200 елді мекенге барды. Осындай ашық дилогтар - азаматтардың мәселелері туралы хабардар болуға және оларды жедел шешуге көмектеседі.

СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов жаңғыртумен қатар, криминал мен құқық бұзушылық профилактикасына да басымды көңіл бөлінетінін атап өтті: облыста 1204 бейнекамера жұмыс істейді, оның көмегімен жыл басынан 272 қылмыс ашылып, 3700 аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Биыл электрондық форматта 367 қылмыстық іс аяқталып, 2 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды.

Биылғы жылы ішкі істер органдарын жаңғырту шеңберінде жеке құрам 10%-ға қысқартылды, бұл 260 бірлікті құрады. Сонымен қатар, бірқатар бөлімдер мен бөлімшелер басшыларының лауазымдары қысқартылды. Патрульдік полиция саптық бөліністерінің кіші басшы құрамын орта басшы құрамға ауыстыру бойынша шаралар қабылдануда.

ІІО-да өткізілетін барлық іс-шараларға Консультативтік-кеңесші органның белсенді қатысуы - полицияның жұмысын ашық етеді. Бұл халық алдындағы есеп беру кездесулері, азаматтарды қабылдау, тәртіптік және аттестациялық комиссиялар, отырыстар болып табылады. Осы жұмыстың нәтижесі туралы СҚО ПД жанындағы ККО төрағасы Жасұлан Ахметов есеп берді.

СҚО ПД баспасөз қызметі