ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МАРАТ ҚОЖАЕВ БАӘ АБУ-ДАБИ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МАРАТ ҚОЖАЕВ БАӘ АБУ-ДАБИ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Абу-Даби қаласы полициясының кадрлық қамтамасыз ету директорының міндетін атқарушы Салем Шахин Әльнуаими бастаған Абу-Даби қаласының полиция делегациясымен, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мухаммед әл-Жабермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Әмірліктің қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті күзету саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы ой бөлісті.

Кездесу өзара түсіністік пен конструктивті диалог аясында өтті.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі