ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының және елордамыздағы 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы аттестациялықтан сынақ тапсыруды бастады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі 2019 жылы ішкі істер органдарының қызметкерлерін түгелдей дерлік аттестациядан өткізуді бұйырған болатын.

Таяуда ғана Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында құқық қорғау органдарындағы реформалық жұмыстарды жалғастыра Қасым-Жомарт Тоқаев та міндеттеген болатын.

Ұлттық ұландағы бұл сынақтар – жауынгерлік қызмет сапасын арттыруды, білікті мамандардан толыққанды кадрлық резерв құруды, әр әскери қызметшінің іскерлік, тұлғалық және жеке қасиеттерін жан-жақты әрі әділ бағалауды, олардың квалификациялық талаптар мен өз лауазымынына лайықтылығын анықтауды көздеп отыр.

Аттестацияның алғашқы күнінде Бас қолбасшылықтың офицерлері мен келісімшарт әскери қызметшілері әскердің елорда сыртындағы «Қаптағай» оқу орталығында өздерінің ату шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, Бас қолбасшылықтың спорт залында түрлі нормативтер бойынша спорттық дайындықтары да сыналды. Тәуліктің екінші жартысында ұландықтар Әскерді басқару орталығында басшылық құжаттар бойынша білімдерін көрсету үшін тест тапсырды.

Аталмыш сынақ үш күнге созылмақ. Алдағы күндері жетекші психолог-мамандар құқықтық тәртіп әскері Бас қолбасшылығында қызмет атқаратындардың жауынгерлік міндеттерді орындауға психологиялық тұрғыдан қаншалықты дайын екендіктерін тексереді. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларнан да арнайы тесттер тапсырылмақ. 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі