ІІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗДІ

ІІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗДІ

Ішкі істер министрлігі халықаралық тәжірибе негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби тұрғыдан дайындаудың жаңа жүйесін әзірлеп, енгізген болатын.

Қарағанды академиясы базасында арнайы тактикалық, атыс қаруларынан оқ ату және дене дайындығы бойынша жаттығулар енгізілген біліктілікті көтеру апталығы ұйымдастырылып өткізілуде.

Қазіргі уақытта академия базасында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері басшылары орынбасарларының оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Жиын барысында олар өздерінің дайындық деңгейін көтеруге мүмкіндік алады.

Мәселен, қызметкерлер денеге түсетін ауырлық, психологиялық жүктемелер кезінде бронежилетпен қысқа қашықтықта жылдамдыққа атуға үйренеді.

Жиын соңында қатысушылар сынақ тапсырады. Өткен жылы оқу-жаттығу жиындары шеңберінде 18 мыңнан астам, ал ағымдағы жылы 3 мыңға жуық қызметкер дайындықтан өтті.

Дайындықтың жаңа жүйесін енгізгеннен бері полиция жасақтары әртүрлі жағдайларда қару мен арнайы құралдарды кәсіби сауатты қолдану нәтижесін көрсетуде.

Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі