Мектептегі полиция инспекторлары синтетикалық есірткі және «дәріханалық» нашақорлық мәселесін талқылады

Мектептегі полиция инспекторлары синтетикалық есірткі және «дәріханалық» нашақорлық мәселесін талқылады

Ағымдағы жылғы 29 сәуірден бастап ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі және «Свободные люди» Қоғамдық қорымен бірге синтетикалық есірткі және «дәріханалық» нашақорлық мәселесі бойынша бағдарламаның екінші кезеңін өткізуде.

Екінші кезең аясында мектептегі полиция инспекторлары спикер ретінде оқуып жатыр. Өз кезегінде олар әкімдіктің кестесімен оқу жылының аяғына дейін оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізеді.

Профилактикалық бағдарламаның негізгі  екпіні ¬жасөспірімдердің үлкен ортасы – ата-аналар мен мұғалімдерге бағытталған. Ол жасөспірімдердің ортасына тән екі мәселе – жаңа буынның синтетикалық есірткісі және «дәріханалық» нашақорлықты қамтиды.

Биылғы жылдың басында өткізілген бағдарламаның бірінші кезеңінде елордадағы мектептердің оқу ісі меңгерушілері қамтылды. Педагогикалық қызметкерлерге (ата-аналарға түсіндіру үшін) интернет-ресурстар арқылы психобелсенді заттарды таратудың жаңа тәсілдері, оны тұтыну белгілері мен зардаптары туралы бағдарлама таныстырылды.

Анықтама ретінде: Өткен жылы ІІМ-нің бастамасы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есірткі және психотроптық заттарды тарату және жарнамалауды жүзеге асырған 5 мың интернет-ресурсты бұғаттады.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша есеп тұрған есірткіге тәуелді адамдардың саны 8,3 %  қысқарды және 22788 (24870) адамды құрады, оның ішінде кәмелетке толмағандар – 129 (158), әйел адамдар – 1716 (1832).

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі