Бүгін Ішкі істер министрлігінің кіші залында Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесіне қарасты ведомстволық «Ардагер» журналының 10 жылдық мерейтойы аталып өтті.
«Жалпы, бұл маусымдық басылым 2009 жылдың 26 наурызынан бастап жарық көріп келеді. Редакция ұжымы аталған 10 жылда біздің ардагер сақшылардың атқарған ауқымды істерін жан-жақты насихаттап, аға буын өкілдерінің қызметтегі әрбір нәтижелі әрекетін еліміздегі жас полицейлерге үлгі ете білді», – деп атап өтті, алдымен сөз алған Ішкі істер министрінің кеңесшісі-ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Алексей Калайчиди «Ардагер» журналын шығаруға атсалысқан шығармашылық ұжымды құттықтап, оларға Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың және ІІО және ҰҰ ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбековтің атынан арнайы марапаттарды табыстады.
«Осы орайда айрықша атап өтер бір жайт, «Ардагер» журналы – посткеңестік кеңістіктегі ішкі істер органдарының ардагерлеріне арналған екі басылымның біреуі болып тұр. Бірі Ресейде шықса, екіншісі осы өзіміздің 10 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған баспасөзіміз екені – зор мәртебе», – деді Алексей Дмитриевич.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі