ІІМ-де Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Өкілетті елшісі Ульям Мозермен кездесті.
Кездесуге қатысушылар қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау саласында қазақстан-америка ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасты.
Тарапта мүдделі бағыттары бойынша екі жақты өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу өзара түсіністік пен конструктивтік диалог жағдайында өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі