Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында ҚР ІІМ Министрінің Кубогы үшін волейболдан (ерлер арасында) өтетін «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің VIII турнирінің өтуі бойынша баспасөз хабарламасы
«Динамо» ДШСҚ Орталық кеңесінің спорттық-бұқаралық және спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында үстіміздегі жылдың 4-5 мамыры аралығында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында волейболдан ерлер арасында өтетін «Динамо» ДШСҚ ОҚ ашық Чемпионаты болады.
Жарыс құқық қорғау органдарының арасында Спартакиаданың VIІI-салалық бағдарламасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің және «Динамо» ДШСҚ ОҚ қамқорлығымен өтеді.
Турнирге ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ ТЖК, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР Қорғаныс министрлігі командалары қатысады.
Республикалық жарыстың өтуіне өз мекемелерінің абыройын намыспен қорғай алатын қабілетті ең жақсы волейболшыларды анықтау мақсатында барлық бөлімшелермен жүргізілген жарыстар себеп болды.
Көп командалардың құрамында тәжірибелілерімен қатар қызметпен спортты қоса атқарып жүрген жас, келешегі зор ойыншылар да бар.
Жарыс Қазақстан Республикасының ІІМ «Алатау» спорт кешенінің спорт алаңында өтеді.
Турнирде қызмет көрсететін төрешілер құрамы волейбол Федерациясының жоғары ұлттық санатының төрешілерінен құралған.
«Динамо» Орталық кеңесі бұл Чемпионатты 8 жыл қатарында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дайындық деңгейін арттыру, жас және келешегі бар қызметкер-спортшыларға көп көңіл бөлу, волейболдың дамуы мен насихатталуы, оның материалдық негізін және салауатты өмір сүруді ұйымдастыру мүмкіндігі мақсатында жүргізіп отыр.
Спартакиаданың ұйымдастырушы комитетi