МЕРЕКЕЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

МЕРЕКЕЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Алдағы мерекелерге байланысты Ішкі істер министрлігі күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады.

6-12 мамыр аралығында ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нысанына ауыстырылды. 

Көшелер мен қоғамдық орындарда жасақтардың тығыздығы арттырылды. Бұл ретте мерекелік іс-шаралар өткізілетін және азаматтардың жаппай қыдыратын жерлеріне ерекше назар аударылды.   

Еліміздің қалаларында "Мәңгілік Даңқ - Бессмертный полк" шеруінің өткізілуіне байланысты полиция қызметкерлері осы іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдатын болады.

Апатты және кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында ІІМ жол қозғалысына қатысушылардан шеру кезінде өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактілері, сондай-ақ өткізіліп жатқан мәдени-бұқаралық іс-шараларды бұзуға, іс-шараға қатысушыларға кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер бойынша полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жедел ықпал ету шараларын қабылдайтын болады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі