ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Президент Әкімшілігінің келісімімен Қарағандлы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин тағайындалды.

Жеке құрамға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевпен облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.

Е.Ж.Файзуллин 1973 жылы туған, білімі жоғары. Құқық қорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап орта және жоғары басшылық құрамның әртүрлі жедел қызметтерінде қызмет атқарған.

Басшылық лауазымдағы тәжірибесі мол. Қостанай облыстық ПД Федоров аудандық полиция бөлімінің бастығы, аталған департамент бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

 

Қазақстан Республикасының ІІМ Баспасөз қызметі