СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Марат Сағынтайұлы Төлебаев тағайындалды.

 

Департаменттің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге таныстырды.

Төлебаев М.С. 1969 жылы туған, білімі жоғары. Құқық қорғау органдарында 1990 жылдың қазан айынан бастап орта және басшы құрамның түрлі жедел лауазымдарында қызмет еткен. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Нұр-сұлтан қаласының Алматы, Сарыарқа аудандары басқармаларының бастығы, Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылдың қараша айынан бастап Нұр-сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі