ІІМ: АРДАГЕРЛЕРГЕ БАРЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ІІМ: АРДАГЕРЛЕРГЕ БАРЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҰОС аяқталғаннан кейін 3 мыңнан астам қатысушылар ішкі істер органдарында қызметін жалғастырды.

Жеңіс күні қарсаңында ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков және ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының – ішкі істер органдарының ардагерлеріне барып, құрмет көрсетті.

Ұлы Отан соғысына қатысқан 3 мыңнан астам майдангер елге оралған соң ішкі істер органдары қатарында қызмет атқарды. Бұл ержүрек батырлар полицияның қиын да, қауіпті қызметінде қайсарлық пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

94 жастағы ардагер, полиция подпоковнигі Байкен Айдархан Байкенұлы соғыстан кейін ішкі істер органдарында 21 жыл қызмет етті, қылмысқа қарсы күреске өз үлесін қосты. 95 жастағы ардагер Қазис Жолдыбаев ішкі істер органдарында 23 жыл қызмет етіп, қылмыстық іздестіру қызметінде жемісті еңбек етті. Ардагер Зайченко Иван Афанасьевич 96 жасқа толды. Ол Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан, ішкі істер органдарында және төтенше жағдайлар жүйесінде 28 жылдан астам уақыт қызмет етті.

-Соғыста болып, бізге өмір сүру, еңбек ету және бейбіт күндері балаларымызды өсіру бақытын сыйлаған солдаттар мен офицерлердің ерлігі алдында бас иеміз. Құрметті ардагерлерімізге Ұлы жеңісі және бейбіт күндегі құқық тәртібін сақтағаны үшін құрметті ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Қазіргі жастар мен одан кейінгі жас буынның бойындағы патриоттық сезімді шыңдап тәрбиелеуде басты үлгі болып қалатын жеңістерімізді атап өту – киелі парызымыз, деп атап өтті ардагерлер алдында Өмірзақ Болсамбеков.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі