Павлодарлық полицейлер оқу орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

Павлодарлық полицейлер оқу орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

 

Білім күні Павлодар облысының барлық оқу орындарында дәстүрлі түрде салтанатты жиындар өтеді. Осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету полицейлер үшін бірінші кезектегі міндет болып отыр.

– Оқушылар санитарлық нормаларды сақтай отырып офлайн-форматта білім алатын болады. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін облыс полицейлері іс-шараларды өткізу кезінде оқу орындарында және оларға іргелес аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Білім күні барлық мектептерде полицейлер оқушылардың да, олардың ата – аналарының да құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ауқымды акция өткізеді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында әрбір жалпы білім беретін мекемеге іргелес көше-жол желісін тексергенін атап өтті.

Сонымен қатар кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық орындары орналасқан жерлерде полицияның кешенді күштерінің тығыздығы артты.

Жасқайрат Қайыров жастар көп жиналатын орындарда, соның ішінде орталық жағалауда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылғанын хабарлады. Жалдамалы пәтерлерде, коттедждерде және басқа жерлерде іс-шаралар өткізу мәселесі ерекше бақылауда.

Polisia.kz