“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы: Ақтөбе облысында 14 қылмыс тіркелді

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы: Ақтөбе облысында 14 қылмыс тіркелді

 

Ағымдағы жылдың 23-29 тамыз аралығында облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі

. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу болып табылады. Іс-шараға 749 адам, оның ішінде 304 ЖПҚ, 259 патрульдік полиция қызметкерлері, 154 әскери қызметші және басқа да ПД қызметтері қатысты. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні облыс бойынша 14 қылмыс тіркелді.

Кезекші тәулікте 9 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 12 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген бір адам ұсталды. Заңсыз алып жүру мен сақтаудың 29 фактісі анықталды:

– тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып жүру бойынша бір факт;

– жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғылар мен оқ-дәрілерді алып жүру бойынша бір факт;

– Суық қаруды (пышақтарды) алып жүрудің 27 фактісі.

“Нөлдік төзімділік” тәртібінде 285 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 34, ұсақ бұзақылық – 94, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 149, УБжДО-ға алты адам орналастырылды, екі адам қабылдау-тарату орнына қамалды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 1211факті анықталды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару бойынша – 17, қарсы жолаққа шығу – 13, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермеу – 39, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы бойынша – 175.

Polisia.kz