«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-тармағына сәйкес келтіру мақсатында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасын (бұдан әрі - Қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасын қабылдау дактилоскопиялық тіркеуді қолданысқа енгізу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатуға негізделген.

НҚА жобасы «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10048235 орналастырылды.

Осыған байланысты, Министрлік аталған НҚА-ны талқылауға қатысуға шақырады.